Accessibility links

Тәжікстанда түрмеде бүлік шығарғандарға іс қозғалды


Тәжікстан түрмелерінің біріндегі сотталғандар (Көрнекі сурет).
Тәжікстан түрмелерінің біріндегі сотталғандар (Көрнекі сурет).

Тәжікстанның Худжанд қаласындағы түрмеде болған бүлікке қатысқандарға қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Ресми мәлімет бойынша, 8 қарашада болған бүлік кезінде 21 сотталушының көзі жойылған. Көтеріліс кезінде екі түрме қызметкері қаза тауып, бес күзетші жараланған.

Тергеуден хабары бар дереккөзінің Азаттықтың Тәжік қызметіне хабарлауынша, бірер күн бұрын тоғыз сотталушы Худжандтағы тергеу абақтысына жеткізген. Оларға билік өкілдеріне қарсы шықты, бүлік ұйымдастырды және адам өлтірді деген айыптар тағылған. "Бірақ бүлікті ұйымдастарған олар емес. Олар тек бүлікке қатысқан. Әзірге айыпталушылардың біреуінің аты-жөні белгілі, ол — Мухаммад Юнусов" дейді дереккөз.

Худжанд түрмесінде болған бүлікті Тәжікстан бас прокуратурасы тергеп жатыр.

Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин 22 қарашада Брюссельде бүлік кезінде 21 сотталушының көзі жойылғанын мәлімдеген. Министр олардың арасында "Ислам мемлекеті", "Ансоруллах" және "Жундуллах" экстремистік топтарының жазасын өтеп жатқан жақтаушылары болды деген.

Тәуелсіз ақпарат көздері бүлік кезінде шын мәнінде 50 адам өлгенін айтады. Осы оқиғадан кейін абақты басшылары қызметінен алынып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бүлікті "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG