Accessibility links

16-60 жастағы Ресей ер азаматтарының Украинаға кіруіне тыйым салынды


Украина қауіпсіздік қызметкерлері Мариупольге жақын бақылау бекетінде көлікті тексеріп жатыр. 27 қараша 2018 жыл.
Украина қауіпсіздік қызметкерлері Мариупольге жақын бақылау бекетінде көлікті тексеріп жатыр. 27 қараша 2018 жыл.

Украина Ресейдің 16-60 жас аралығындағы ер азаматтарының елге кіруіне уақытша тыйым салды. Бұл туралы Украина шекара қызметінің басшысы Петр Цыгикал мәлімдеді. Оның сөзінше, Ресей ер азаматтарының Украинаға ерекше жағдайда - туысының жерлеуіне қатысу үшін ғана кіруіне рұқсат беріледі.

Кеше Украинаның Ресей аннексиялап алған Қырымға шетел азаматтарының кіруіне тыйым салғаны белгілі болған.

28 қарашада Украинаның Ресеймен шектесетін облыстарында және Қара теңіз бен Азов теңізінің ішкері аймақтарында әскери жағдай жарияланған. Украина президенті Петр Порошенко шығарған жарлық бойынша, әскери жағдай 26 қарашадан 26 желтоқсанға дейін созылады.

Порошенко әскери жағдайды Ресейдің Қара теңізде Украина әскери кемелері мен теңізшілерін тұтқындауына байланысты жариялады. Киев Ресейдің бұл әрекетін басқыншылық деп атайды. Украина қарулы күштері толық әскери дайындыққа келтірілді.

25 қарашада Ресей шекарашылары Қара теңізде Украинаның үш әскери кемесін 24 теңізшісімен қоса тұтқындап, аннексиялап алған Қырым түбегіне алып кеткен. Тұтқындалған Украина теңізшілерінің барлығы екі айға қамалды. Ресей әскерилерінің украин катерін атқылауы кезінде үш украин теңізшісі жараланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG