Accessibility links

Аляскадағы жер сілкінісінің жолдар мен коммуникацияға зияны тиді


Аляскада жер сілкінісі болған аймақтың картасы.
Аляскада жер сілкінісі болған аймақтың картасы.

АҚШ-тың Аляска штатының оңтүстігінде қарашаның 30-ы күні таңертең күшті жер сілкінісі болды, сейсмологтар штат тұрғындарын цунами болуы мүмкін деп ескертті.

АҚШ геологиялық қызметінің хабарлауынша, 7 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы штаттың ең ірі қаласы Анкориджадан солтүстікке қарай 13 шақырымда, жердің 43 километр терең қабатында болған. Жерасты дүмпулері Анкориджден солтүстікке қарай шамамен 560 шақырымда орналасқан Фэрбенксте сезілген деп хабарлайды Reuters.

Жер сілкінісі кесірінен көлік жолдарының беті жарылып, тас құлаған, жерде ойықтар пайда болған. CNN мәліметінше, Аляскадағы кей телеарналар хабар таратуын тоқтатқан.

Аляска штаты сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. Ең соңғы күшті (9,2 магнитудалы) жер сілкінісі Алясканың оңтүстігінде 1964 жылы болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG