Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның үш облысында жолдар жабылған деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі. Жамбыл облысында "Алматы - Ташкент - Термез" автокөлік жолының 159-238 шақырымдары аралығында көлік қозғылысы тоқтатылған.
Шығыс Қазақстан облысында "Алматы - Өскемен" тас жолының Алматы облысы шекарасынан Қайсенов кентіне дейінгі бөлігі, "Өскемен - Семей" автокөлік жолының Герасимовка ауылынан Семейге дейінгі бөлігі, "Өскемен - Зырян - Рахман бұлақтары" жолының Северный ауылынан Серебрянскі ауылына бұрылысқа дейінгі бөлігі, "Омбы – Майқапшағай" тасжолының Қалбатау ауылынан Боғасқа дейінгі бөлігі, "Қарағанды - Аягөз - Боғас" автокөлік жолының Баршатас ауылынан Боғасқа дейінгі бөлігі жабылған.
Алматы облысында "Алматы - Өскемен" тас жолының Қапшағайдан Шығыс Қазақстан облысы шекарасына дейінгі бөлігі, "Сарыөзек - Көктал" көлік жолының Қызылжар ауылынан Алтынемел ауылына дейінгі бөлігі, сол сияқты, "Алматы - Көкпек - Көктал- Қорғас" тас жолының Шелек ауылынан Шоңжыға дейінгі бөлігі жабық тұр.
Алматы қаласында жұманың кешінен бастап бірнеше сағат үздіксіз жауған қардың қалыңдығы 15 сантиметрге, таулы жерлерде - 30 сантиметрге дейін жеткен.
ПІКІРЛЕР