Accessibility links

Ақтөбеде мерекелік шарада оқушылар зардап шеккен


Бүгін Ақтөбедегі №40 мектеп оқушыларының үстіне керме төбенің бір бөлігі құлап кетуіне байланысты арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы облыстық әкімдік хабарлайды.

- Арнайы комиссия мереке екендігіне қарамастан, бүгін - желтоқсанның 1-і күні де жұмыс істеп жатыр. Мамандар оқиғаның себебін анықтап қана қоймай, мектептегі қауіпсіздікті толықтай тексеріп шығуы тиіс, - дейді Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ағырыс Шағырова.

Оның айтуынша, қарашаның 30-ы күні Тұңғыш президент күніне арналған мерекелік шарада билеу үшін мектеп сахнасының сыртында тұрған оқушылардың үстіне керме төбенің бөлігі құлаған. 6-сыныпта оқитын 8 ер бала мен 1 қыз мектептен жедел жәрдеммен балалар ауруханасына жеткізілген.


Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ағырыс Шағырованы сөзінше, ауруханада ер балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң оларды үйлеріне жіберген. Ал оқушы қыз әлі дәрігерлердің бақылауында болмақ.

Ақтөбедегі №40 мектеп ғимараты 2009 жылы тұрғызылған. Облыстық әкімдік ғимаратқа өзге де білім мекемелері тәрізді жыл сайын жеңіл-желпі жөндеу жасалып тұратынын хабарлайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG