Accessibility links

Үлкен Бушты Техастағы кітапхананың қасына жерлейді


АҚШ-тың 41-президенті үлкен Джордж Буш. 31 мамыр 2012 жыл.
АҚШ-тың 41-президенті үлкен Джордж Буш. 31 мамыр 2012 жыл.

АҚШ-тың 41-президенті үлкен Джордж Бушты Техастағы өзінің атындағы президенттік кітапхананың аумағына жерлейді. Кітапана Колледж-Стейшен қаласындағы университеттің жанында орналасқан. Бұл туралы университет сайтында жарияланған ақпаратта «Президент Буш өз отбасының жерінде, Буш кітапханасының жанына, жеті ай бұрын қайтыс болған зайыбы Барбара мен 1953 жылы үш жасында шетінеген қызы Робиннің қасына жерленеді» делінген.


Марқұмның жақын-жуығы ғана қатысатын жерлеу рәсімі жабық өтеді деп хабарланды. Президентті жерлеген күні университеттің барлық кампустары жабық болады.

Экс-президентпен қоштасу алғашқы аптаның басында Вашингтонда өтеді.

Үлкен Джордж Буш жұма күні 94 жасында Хьюстонда қайтыс болды. Ол 1989-1993 жылдар аралығында АҚШ президенті қызметін атқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG