Accessibility links

Израиль полициясы Нетаньяхуға жемқорлық айыбын тағуды ұсынды


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен әйелі Сара. (Мұрағаттағы сурет.)
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен әйелі Сара. (Мұрағаттағы сурет.)

Израиль полициясы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен оның әйелі Сараны парақорлық, алаяқтық және қоғамдық сенімді бұзу қылмыстарына айыптауға кеңес берген деп хабарлайды The Jerusalem Post басылымы.

Мұндай кеңесті жариялауға бас прокурор Авичай Мандельблит рұқсат берген. Енді оның алдында Нетаньяхуға ресми айып тағуға қатысты түпкілікті шешім қабылдау міндеті тұр.

Басылымның жазуынша, осы жайлы "4000 ісі" Израиль үкіметін отставкаға кетуге мәжбүр етуі мүмкін. Премьер мен әйеліне қоса тағы бірнеше жоғары лауазымды шенеунік коррупция қылмысына күдіктілер санатында.


2014 жылдан 2017 жылға дейін Нетаньяху премьер-министр қызметін байланыс министрі қызметімен қоса атқарған. Тергеу мәліметі бойынша, осы кезеңде ол өз жұмысын жақсы жағынан көрсеткені үшін "Безек" компаниясына пайдасын көбейтуге жәрдемдескен. "Безек" басшылығында премьердің байырғы досы Шауль Елович отыр. Полиция сотқа тартуға ұсыныс берген адамдардың тізімінде ол да бар. Сонымен бірге тергеу дәлел-дәйек жеткіліксіз болғандықтан премьердің ұлы Йирды күдіктілер қатарынан алып тастауды ұсынған.

Нетаньяху тағылған айыпты жоққа шығарады. Ол тергеудің берген кеңестерінің міндетті заңды күші жоқ екендігін айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG