Accessibility links

Еуро-2020 турнирі іріктеуінің жеребесі тартылды


Қазақстан футбол құрамасының ойыншылары.
Қазақстан футбол құрамасының ойыншылары.

Футболдан Еуро-2020 турнирі іріктеуінің жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино елдерімен I тобына түсті. Қазір Бельгия FIFA рейтингінде бірінші орында, Шотландия 38, Ресей 48, Кипр 86, Қазақстан 120, Сан-Марино 211-орында тұр.

Еуропа футбол қауымдастығына (UEFA) мүше 55 ел қатысатын іріктеу жарысы 2019 жылы 21 наурызда басталады. Әр топтан 1-2 орын алған құрамалар Еуропа чемпионатының финалдық турниріне жолдама алады. Еуропа біріншілігіне барлығы 24 ел қатысады. Жиырма ел іріктеу жарысы арқылы жолдама алса, төрт құрама Еуропа лигасы жарысы арқылы лицензия иеленеді.

Жеребе қорытындысы:

  • А тобы: Англия, Чехия, Болгария, Черногория, Косово.
  • В тобы: Португалия, Украина, Сербия, Литва, Люксембург.
  • С тобы: Голландия, Германия, Северная Ирландия, Эстония, Беларусь.
  • D тобы: Швейцария, Дания, Ирландия, Грузия, Гибралтар.
  • Е тобы: Хорватия, Уэльс, Словакия, Венгрия, Әзербайжан.
  • F тобы: Испания, Швеция, Норвегия, Румыния, Фарер аралдары, Мальта.
  • G тобы: Польша, Австрия, Израиль, Словения, Македония, Латвия.
  • H тобы: Франция, Исландия, Түркия, Албания, Молдавия, Андорра.
  • I тобы: Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр, Қазақстан, Сан-Марино.
  • J тобы: Италия, Босния және Герцеговина, Финляндия, Грекия, Армения, Лихтенштейн.

Еуро-2020 жарысы Лондон, Мюнхен, Баку, Рим, Копенгаген, Бухарест, Амстердам, Дублин, Бильбао, Будапешт, Брюссель, Глазго, Санкт-Петербург қаласында өтеді.

2016 жылғы Еуропа чемпионаты Францияда өткен. Финалда Португалия құрамасы Францияны жеңген - 1:0.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG