Accessibility links

Астаналық белсенді екі айға қамалды


Астаналық белсенді Сырым Әбдірахманов

Астаналық белсенді, тіркелмеген "Алаш" халықтық социал-демократиялық партиясының жетекшісі Сырым Әбдірахманов екі айға қамалды. Бұл жайлы Азаттық тілшісіне оның адвокаты Төлеген Шаиков хабарлады. Шаиковтың айтуынша, жабық сот процесі 1 желтоқсанда Астана қалалық тергеу сотында болған.

Әбдірахмановтың үстінен астаналық шенеуніктердің бірі полицияға "көрінеу жалған ақпарат тарату" (274-бап) бойынша арыз түсірген. Шаиковтың айтуынша, қазіргі кезде төрт бап бойынша партия жетекшісінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

- Төрт бап бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұлар: 274-бап, 1-бөлім ("Көрінеу жалған ақпарат тарату"), 380-бап, 3-бөлім, 1-пункт ("Билік өкіліне қатысты күш қолдану"), 407-бап, 2-бөлім ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау"), 378-бап, 1-бөлім, 1-пункт ("Билік өкілін қорлау"), - деді Төлеген Шаиков Азаттық тілшісіне.

Астана қалалық тергеу соты Сырым Әбдірахмановың екі айға қамалғанын растады. Астана қалалық ішкі істер департаментінен жауап ала алмадық.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Үкіметтің тарауы жайлы не ойлайсыз?"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:21 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG