Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елдің бас прокурорына "спортшы әйелдер жыныстық зорлыққа ұшырады" деген ақпаратты тексеруді тапсырды.
Желтоқсанның 4-інде Ғани "ер болсын, әйел болсын – спортшыларға мұндай қатынас төзгісіз" деп мәлімдеді.
Guardian басылым қарашаның 30-ында футболшы ауған әйелдерінің қалайша зорлық құрбаны болатыны туралы зерттеу мақала жариялаған.
Президент Ғани "бұл ақпарат елді есеңгіретіп тастады" деді.
3 желтоқсанда Ғани жағдайды ұлттық олимпиада комитетімен талқылау үшін ер және әйел футболшыларды шақырып, жиын өткізді. Кездесу кезінде президент жағдайды бақылауына алғанын айтты.
Ауғанстанның бас прокуроры Фарид Хамеди желтоқсанның 4-інде "толық әрі жан-жақты тергеу жүргізу үшін ендігі жоспар құрып қойғанын" хабарлады.
ПІКІРЛЕР