Accessibility links

АҚШ Ресейге зымырандарды жою келісімі бойынша шарт қойды


Солдан оңға қарай: АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео және НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг.
Солдан оңға қарай: АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео және НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео "Ресей өзіне жүктелген міндетін орындасама, АҚШ 60 күннің ішінде орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою жөніндегі келісімнен шығады" деп мәлімдеді.

Ресей "АҚШ-тың бұл келісімнен шығуы Еуропа мен әлем қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді деп алаңдап отырғанын" бірнеше рет жеткізген. Мәскеу "келісімді бұзып отырмын" деп санамайды.

Брюссельде желтоқсанның 4-інде НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері жиналып, "Ресейден төніп тұрған қатер" туралы талқылады. Сол күнгі негізгі мәселе ретінде АҚШ зымырандарды жою туралы келісімнен шығу-шықпауы емес, Вашингтонның келісімнен нақты қашан шығатыны талқыланды.


АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео НАТО жиынына келген министрлермен кездесу басталмас бұрын "АҚШ Қырғи-қабақ соғысы кезінде келісім-шарттар сақталады деп сеніп қалды да, өзге елдер – Ресей, Қытай мен Иран – оларды бұзып жатты. Келісімнен шығуда тұрғанда ештеңе жоқ" деді. Министрлер жиын кезіндегі талқыдан соң АҚШ-ты қолдайтынын айтты.

Талқылаған және бір тақырып Керчь бұғазындағы жанжал болды. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг "Ресей өз ықпалын, әсіресі Азов теңізіндегі ықпалын арттыру үшін аннексияланған Қырымды пайдаланып отыр" деп мәлімдеді. Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин "одақтастар тарабынан мұндай қолдауды бұрын-соңды сезбегенін" айтты.

Оқи отырыңыз: Горбачев: АҚШ-тың Ресеймен арадағы зымыран келісімінен шығуы - қателік

Биыл қазан айында АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Ресеймен орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою жөніндегі келісімнен шығуға ниетті екенін мәлімдеген. Вашингтон бұған Ресейдің аталған келісімді бұзып, Еуропаға ядролық оқтұмсық жеткізе алатын радиусы шағын зымырандар орнатуі себеп деген. Ресей бұл айыптауды теріске шығарып, Вашингтонға жауап ретінде "әскери-техникалық тұрғыдан тиісті шара қолданатынын" мәлімдеген.

АҚШ пен СССР арасында орта және қысқа қашықтыққа ұшатын ядролық зымырандарды жою туралы 1987 жылы жасалған келісім АҚШ пен Ресейге радиусы 300-ден 3400 миль қашықтыққа дейін жерден ұшатын баллистикалық және қанатты зымырандарды шығаруға, сынақтан өткізуге және сақтауға тыйым салады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG