Accessibility links

Мәжіліс Қытайдың Қазақстандағы кей жобасын салықтан босатты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қытай-Қазақстан серіктестік қоры қаржыландыратын Қытай капиталы бар өнеркәсіп орындарына Қазақстан салық салмайды. Парламенттің 5 желтоқсанда өткен пленарлық отырысында мәжіліс осындай құжатты мақұлдады.

"Салықтан босату бойынша басымдық өңдеуші өнеркәсіпке беріледі. Оның ішінде мұнай химиясы, жалпы химия, тыңайтқыштар дайындауға, металлургия мен басқа да қызмет түрлері бар" деді инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Құжатты таныстырған Жеңіс Қасымбектің сөзі мен заң жобасы отырыста қалай талқыланғанын мына сілтемеге өтіп, 26.34-минуттан көруіңізге болады.

Мәжіліс депутаттары мақұлдаған құжат ресми "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстанға тікелей инвестициялар салуды жүзеге асыратын Қытай-Қазақстан өндірістік қуаттарының ынтымақтастығы қоры кірісінің жекелеген түрлерін салық салудан босату туралы келісімге қол қою" деп аталады.


Қытаймен серіктестік жайлы ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев те айтты. Оның сөзінше, қазір балық, ірі-қара еті, дәнді-дақылдар мен басқа да тауарлар Қытайға экспортталып жатыр. Оның айтуынша, "осының арқасында тоғыз ішінде Қазақстаннан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 42 пайызға өскен".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG