Accessibility links

Путин: Порошенконың сайлауалды кампаниясына қатысқым келмейді


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Петр Порошенкомен Қара теңіздегі жағдайды реттеу бойынша телефонмен сөйлесуден неге бас тартқанын айтты. Ресейлік “РИА Новости” агенттігінің жазуынша, Путин "Мен (Порошенконың) сайлауалды кампаниясына қатысқым келмейді" деген.

Бұған дейін Порошенко Керчь бұғазындағы жанжал жөнінде Путинмен сөйлесуге тырысқанын, бірақ келіссөз өтпей қалғанын айтқан.
Ресей президентінің сөзінше, Порошенко "елде даулы мәселелерді әдейі туындатып, артынша кез келген қиындықтан қалай сәтті шығатынын көрсеткісі келеді".

Видео: Ресей катерінің Украина буксирін соққан сәті

Ресей катерінің Украина буксирін соққаны туралы видео жарияланды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:13 0:00

25 қарашада Ресей шекарашылары Керчь бұғазында Украинаның үш әскери кемесіне оқ атып, экипажымен қоса тұтқындаған. Шабуылда украиналық 24 теңізші ұсталып, кейін олардың үшеуі екі айға қамалған.

Ресей билігі украиналық кемелерді шекарадан заңсыз өтпек болды деп айыптайды. Киев оқиғаны "басқыншылық" деп атады. Владимир Путин бұл жағдайды Порошенконың "сайлау алдындағы арандатуы" деп бағалаған.

Конфликтіден соң Украина бірнеше өңірде бір айлық әскери жағдай жариялаған. Украинада президент сайлауы наурыздың 31-інде өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG