Accessibility links

Ресей құқық қорғаушылары Пономаревті қамауға қарсы шықты


Лев Пономарев, ресейлік құқық қорғаушы.

Ресейлік құқық қорғаушылар "Адам құқығы үшін" қозғалысының басшысы Лев Пономарёвтің 25 тәулікке қамалғанына қарсы мәлімдеме жасады. Олар Мәскеу қалалық сотынан Адам құқықтары жөніндегі еуропалық конвенцияны негізге алып, шешімді қайта қарауды талап етеді. Мәлімдеме Мәскеудегі Хельсинкий тобы сайтында жарияланды.

Пономаревті қорғау жөніндегі ашық хатқа Мәскеудегі Хельсинкий тобының төрайымы Людмила Алексеева, "Арнайы әріптестік" қорының басшысы Валерий Борщев, "Сова" орталығының директоры Александр Верховский, "Зорлық-зомбылыққа қарсы комитет" басшысы Игорь Каляпин, "Голос" қозғалысының тең төрағасы Григорий Мельконьянц, "Мемориал" құқық қорғау орталығының мүшесі Олег Орлов және "Қоғамдық шешім" ұйымынң төрайымы Наталья Таубина қол қойған.

77 жастағы Лев Пономарёв 5 желтоқсанда Мәскеуде 28 қазан күні Федералдық қауіпсіздік қызметі ғимаратының алдында "Нового величия" және "Сети" ісі бойынша айыпталушыларды қолдау мақсатындағы акцияға қатысқаны үшін 5 желтоқсанда қамауға алынған. Сот құқық қорғаушыны акция ұйымдастырып, көпшілік іс-шара өткізу тәртібін екінші рет бұзды деп айыптайды.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 18.02.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:12 0:00
XS
SM
MD
LG