Accessibility links

Бішкек: Қытайдағы қырғыздар туралы ақпарат тексеріліп жатыр


БҰҰ ғимараты алдында пикет ұйымдастырған қырғыз белсенділері. Бішкек, 5 желтоқсан 2018 жыл.
БҰҰ ғимараты алдында пикет ұйымдастырған қырғыз белсенділері. Бішкек, 5 желтоқсан 2018 жыл.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі Қытайдағы этникалық қырғыздардың жағдайы туралы ақпаратты анықтап жатыр. Министрліктің баспасөз хатшысы Улан Дыйканбаев Азаттықтың Қырғыз қызметіне ақпарат "ресми арналар арқылы" тексеріліп жатқанын айтты.

Өткен аптада Қытайда туыстары жоғалған Қырғызстан азаматтары президент Сооронбай Жээнбековтен көмек сұраған. Кейін Қытайдағы қырғыздарды қорғау комитеті құрылып, мәселені билікке және қоғамға жеткізу үшін жиын өткізген.

5 желтоқсанда белсенділер Бішкектегі БҰҰ кеңсесінде әлемдік қауымдастық назарын Қытайда "саяси үйрену лагерьлерінде" қамауда отырған этникалық қырғыздар, қазақтар мен ұйғырлардың мәселесіне аудару мақсатында пикет өткізген.

Қытай этникалық азшылық өкілдерін саяси лагерьлерге топтап қамайтыны жайлы халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары мен түрлі елдердің баспасөзі екі жылдан бері жазып келеді. Пекин саяси лагерьлерді "тегін кәсіп үйрену орталықтары" деп сипаттайды. Олардың айтуынша, мұнда отырғандар "мамандық игеріп, Қытай заңдарын біліп шығады". Түрлі деректер бойынша, лагерьлерде қамауда отырғандар саны миллионға жуықтайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG