Accessibility links

Астанада түрмедегі әлеуметтік әлсіз топ өкілдерінің жағдайын талқылады


Халықаралық түрме реформасы ұйымының Қазақстан түрмелеріндегі әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған сотталушылардың құқығын қорғау жөніндегі конференциясы. Астана, 6 желтоқсан 2018 жыл.

Астанада құқық қорғаушылар, заңгерлер мен билік өкілдері Қазақстан түрмелеріндегі адам құқығы, оның ішінде әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған топ өкілдерінің құқығын қорғау мәселесін талқылады. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, "Қазақстан түрмелеріндегі адам құқығы" деп аталатын конференцияны "Халықаралық түрме реформасы" (Penal Reform International - PRI) ұйымы 10 желтоқсан - халықаралық адам құқығын қорғау күніне орай ұйымдастырды.

Жиында сөйлеген PRI Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігігінің директоры Азамат Шамбилов түрмеде отырған әлеуметтік жағынан жеткілікті қорғалмаған әлсіз топ өкілдері - әйелдер, балалар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен егде сотталушылар құқығы жеткілікті қорғалмайтынын айтады. "Мұның себебі, прокуратура, сот, қылмыстық атқару жүйесі өкілдері әлсіз топтар деген ұғымды білмейді. Біздің заңнамада, қылмыстық атқару кодексінде әлсіз топтар деген ұғым жоқ. Кодексте біз әлсіз топ өкілдері деген ұғым енгізіп, оларға кімдер жататынын көрсетуіміз керек" дейді Азамат Шамбилов.

Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Марина Нистолий Қылмыстық атқару жүйесінде мүмкіндігі шектеулі сотталушылардың құқығын қорғау жайы жалпылама ғана қамтылғанын айтады. Оның сөзінше, түрмелерде мүмкіндігі шектеулі сотталушыларға техникалық, ақпараттық және басқа да көмек түрлерін көрсету қарастырылмаған. Нистолийдің айтуына қарағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдар түрмелердегі мүмкіндігі шектеулі сотталушылардың жағдайынан хабардар емес, я ол туралы жөнді білмейді.

Конференцияда сөйлегендер әлеуметтік әлсіз топтар өкілдерінің жазасын қайда және қандай колонияды өтейтінін үкім шығаратын судья шешетінін айтты.

  • 16x9 Image

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН

    Өркен Жоямерген 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалаврын, 2008 жылы магистратурасын тәмамдаған. Қызмет жолын "Алматы Ақшамы" газетінен бастаған. Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Қазір Азаттық Радиосы Астана бюросының жетекшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG