Accessibility links

Лавров: ҰҚШҰ зымыранды жою келісімі туралы мәлімдеме қабылдады


Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.
Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) елдерінің сыртқы істер министрлері орта және қысқа қашықтықта ұшатын зымырандарды жою туралы келісімге қатысты арнайы мәлімдеме қабылдады. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, бұл туралы 6 желтоқсан күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) елдерінің сыртқы істер министрлері кездесуінде мәлімдеді.

"АҚШ-тың тағы бір халықаралық келісім - орта және қысқа қашықтықтағы зымырандар туралы келісімді жою ниетіне байланысты жаңа қауіп төніп тұр. ҰҚШҰ елдері бүгін осыған байланысты ЕҚЫҰ құжаты ретінде таралатын арнайы мәлімдеме қабылдады" деді Лавров.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Лавров Ресей қауіп-қатерге алаңдайтынын "кәсіби түрде, жүйелі диалог арқылы талқылауды" қолдайды. Оның пікірінше, тығырықтан шығу үшін Батыс елдері тоқтатып тастаған әскерилер арасындағы байланысты қалпына келтіру керек.

"Егер бұл процесті саясиландырмайтын болсақ, онда мәселені шиеленістірмей, қару-жарақты бақылауға алып, қауіпті жағдайлардың алдын алу тәсілдерін жақсарта аламыз" деді Лавров.

4 желтоқсанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресей өзіне жүктелген міндетін орындасама, АҚШ 60 күннің ішінде орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою жөніндегі келісімнен шығатынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG