Accessibility links

БҰҰ АҚШ-тың ХАМАС-ты айыптайтын қарарын қабылдамады


Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі.
Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі.

АҚШ БҰҰ Бас ассамблеясына ХАМАС исламшыл радикалдық тобын Израильге қарсы террорлық акт жасағаны үшін айыптайтын қарарын өткізе алмады.

Қарар жобасын БҰҰ-ға мүше 87 мемлекет қолдап, 57 мемлекет қарсы дауыс берді. 33 мемлекет қалыс қалды. Қарсы дауыс бергендер арасында Ресей, араб елдері мен Латын Америкасы елдері бар. Құжат қабылдану үшін оны БҰҰ-ға мүше елдердің үштен екісі қолдауы тиіс.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейлидің айтуынша, ХАМАС-тың террорлық әрекет жасайтыны "айдан анық". АҚШ қарарында палестиналық топты "зорлық-зомбылық жасап, бейбіт тұрғындарға қауіп төндірді" деп айыптайды. Қарарда ХАМАС-тың Израильдің бейбіт тұрғындар тұратын аудандарын зымыранмен атқылайтыны айтылған.

Израильдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Данни Данон құжаттың Бас ассамблеяда қабылданбағанына өкінгенімен, ХАМАС-ты айыптайтын қарардың "үлкен қолдауға ие болғанын" айтты.

Биыл маусымда БҰҰ Бас ассамблеясы Израильді палестиналықтарға күш қолданды деп айыптаған. Ол кезде АҚШ қосымша ХАМАС қозғалысы жасап отырған зорлық-зомбылықты айыптайтын қарар ұсынған. Алайда, ол қарар да қабылданбаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG