Accessibility links

Маңғыстауда жол апатынан екі адам мерт болған


Маңғыстау облысында сенбі күні таңертең болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында екі бала бар деп хабарлады жергілікті lada.kz сайты.

Көлік апаты желтоқсанның 8-і күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 9-дың шамасында Баянды ауылының маңында болған.

- Екі әйел адам оқиға орнында мерт болған. Жарақат алған екі бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. Зардап шеккен тағы үш адамға медициналық көмек көрсетілген, - деп хабарлаған Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.

Дәрігерлер ауруанаға түскен екі баланың жағдайы ауыр екенін айтады.

Полиция жол-көлік оқиғасының себебін тексеріп жатыр.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG