Accessibility links

Алматыдан 357 шақырымда жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Астана уақытымен сағат 12:03 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 357 километр қашықтықта 4,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

Жер сілкінісінің ошағы Қытайдың Шыңжаң аймағында, 10 километр тереңдіктегі жер қабатында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.1.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG