Accessibility links

Өзбек милиционерлері пара алмауға Құран ұстап ант берген


Ташкент облысы Юкори Чирчик ауданында милиция қызметкерлерінің "пара алмауға" және "бопсалаумен айналыспауға" Құран ұстап ант беріп жатқан сәті. (Әлеуметтік желіде тараған сурет.)
Ташкент облысы Юкори Чирчик ауданында милиция қызметкерлерінің "пара алмауға" және "бопсалаумен айналыспауға" Құран ұстап ант беріп жатқан сәті. (Әлеуметтік желіде тараған сурет.)

Өзбекстанның Ташкент облысындағы Юкори Чирчик ауданының милиция қызметкерлері "пара алмауға" және "бопсалаумен айналыспауға" Құран ұстап ант берген деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі (Озодлик радиосы).

Милиция қызметкерлерінің "ант беру" рәсімінен түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде тараған. Жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін деген қауіппен өз аты-жөнін атамауды сұраған құқық қызметкерлерінің бірінің сөзінше, милиция өкілдерінің ант беру рәсіміне ауданның бас имамы қатысқан.

Юкори Чирчик аудандық ішкі істер бөлімі өкілдері ант беру рәсімі туралы Озодлик тілшісінің сауалына жауап беруден бас тартқан.


Өзбекстан ішкі істер министрлігі қызметкерінің Озодлик радиосына айтуынша, құқық органдары қызметкерлерінің ант беру рәсімі Өзбекстан президентінің "Коррупцияға қарсы күрес" туралы заңды жүзеге асыру шаралары" туралы қаулысын орындау мақсатында қабылданған коррупцияға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында өткізіліп келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG