Accessibility links

Баку Бішкекке Қырғызстан кеден қызметінің экс-басшысын қайтарады


Адамқұл Жүнісов, Қырғызстан Мемлекеттік кеден қызметінің бұрынғы басшысы.
Адамқұл Жүнісов, Қырғызстан Мемлекеттік кеден қызметінің бұрынғы басшысы.

Баку соты Қырғызстан Мемлекеттік кеден қызметінің бұрынғы төрағасы Адамқұл Жүнісовті Қырғызстанға экстрадициялауға санкция берді. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Экономикалық қылмыспен күрес мемлекеттік қызметі хабарлады.

Жүнісовке бұған дейін халықаралық іздеу жарияланған. 4 желтоқсанда оны Бакудегі Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда ұстаған. Қырғызстанның экономикалық қылмыспен күрес мемлекеттік қызметінің мәліметінше, Жүнісов Бакуге Нью-Йорктен ұшып барған.

2018 жылы тамызда Жүнісовке сыртынан "қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды" деген айып тағылған. Биыл 28 тамызда Бішкектің аудандық соты оны қамауға алу туралы сыртынан санкция шығарған.

Адамқұл Жүнісов Мемлекеттік кеден қызметін 2013-2016 жылдары басқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG