Accessibility links

Тереза Мэй: Brexit-тен бас тартсақ елде тұрақтылық шайқалады


Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі.
Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй парламент депутаттарына Брюссельмен уағдаласқан Brexit келісімінен бас тарту елдегі тұрақтылықты шайқалтатынын ескертті. Оның сөзінше, Brexit-тен бас тартқан жағдайда Ұлыбританияда мерзімінен бұрын сайлау өтуі немесе келісім мүлдем жойылуы мүмкін.

BBC-дің хабарлауынша, премьер-министрдің баспасөз қызметі баспасөздегі Тереза Мэй парламентте 11 желтоқсанға белгіленген Brexit бойынша дауыс беруді кейінге ысырғысы келеді деген хабарламаны терістеді.

Парламентте дауыс берудің кейінге қалуы мүмкін екенін бұған дейін Times газеті хабарлаған еді. Басылым Тереза Мэйдің серіктері келісім шарттары әлі де шикі екенін айтып, одан келісімді Брюссельмен тағы бір талқылауды сұрағанын айтады. Басылым дерегінше, кейбір министрлер Brexit туралы референдумды қайта өткізуге дайын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG