Accessibility links

Росгвардия басшысы Навальныйды сотқа берді


Виктор Золотов, Росгвардия басшысы.
Виктор Золотов, Росгвардия басшысы.

Росгвардия басшысы Виктор Золотов оппозиционер Алексей Навальныйды "абыройым мен қадыр-қасиетіме тіл тигізді" деп айыптап, одан 1 миллион рубль моральдық шығын өндіріп алу туралы арыз түсірді. Бұл туралы ТАСС агенттігі Золотовтың адвокатына сілтеме жасап хабарлады.

Золотов соттан Навальныйдың таратқан мәліметін өзін қаралайды деп тануды сұрап, оппозиционерден ол ақпаратын терістеуді талап етеді.

Виктор Золотовтың адвокаты егер сот арызды қанағаттандырса, онда моральдық шығын ретінде өтелген ақшаның балалар үйіне аударылатынын айтады.

Алексей Навальный Виктор Золотовты сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыптайды. Навальныйдың Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоры биыл тамызда Росгвардияға қажет тауарлар үш есе қымбат бағамен сатып алғаны, ал Золотовтың өзі миллиардтаған рубль жымқырғаны туралы зерттеуін жариялаған.

Қыркүйекте Росгвардия басшысы сол кезде қамауда жатқан Алексей Навальныйды жекпе-жекке шақырған. Навальный қамаудан босап шыққан соң Золотовқа өзімен теледебатқа шығуды ұсынған. Бірақ Золотов Навальныйды "басқаша сайысқа шақырғанын" айтып, дебаттан бас тартқан.

Кейін Золотов Навальныйды өтірікті анықтайтын детекторда тексеруді ұсынған. Ал Навальный Росимущество мекемесінен Золотовтың сайжайын тәркілеуді сұраған. Оппозиционер генерал бұрын мемлекет меншігінде болған саяжайды заңсыз иеленген деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG