Accessibility links

ЕО Ресейге салған санкциясын ұзартты


Еуропа Одағының туы (Көрнекі сурет).
Еуропа Одағының туы (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағы елдерінің басшылары Ресейге Украинаның шығысындағы кикілжіңді ушықтырып отырғаны үшін салған санкцияны ұзартуды мақұлдады. Бұл жөнінде Азаттықтың Еуропадағы тілшісі Рикард Йозвиак хабарлайды.

Еуропа кеңесінің басшысы Дональд Туск Мәскеу Минск келісімін орындамай отырғаны үшін санкция ұзартылды деп мәлімдеді. Сонымен бірге Еуропа Одағының шенеуніктері Ресей Украина заңдарын бұзып, сепаратистер бақылайтын аймақта сайлау өткізуді қолдады деп айыптайды.

Еуропа Одағы Ресейге салған санкциясын 2014 жылдан бері әр жарты жыл сайын ұзартып келеді. Санкция енгізуге - Ресейдің Қырымды басып алып, Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсетуі себеп болған.

Ресей болса Қырымды аннексиялап "тарихи әділеттілікті орнатқанын" айтып, Украина шығысындағы кикілжіңге қатысын терістейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG