Accessibility links

Мария Бутина "АҚШ-қа зиян келтірмек болғанын" мойындады


Мария Бутинаның қамауда отырғандағы суреті.
Мария Бутинаның қамауда отырғандағы суреті.

АҚШ-та Ресей мүддесіне заңсыз лобби жасады деп айыпталған Мария Бутина "АҚШ-қа зиян келтіру мақсатында астыртын сөз байласқанын" мойындады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, 13 желтоқсан күні өткен сотта Бутина тергеуге болысуға келіскен.

Судья Таня Чуткан Мария Бутина прокуратурамен айыбын мойындау туралы келісім жасасқан соң бес жылға сотталуы және 250 мың доллар айыппұл салынуы мүмкін екенін айтты.

Ресейдегі "Право на оружие" қоғамдық ұйымын басқарған Бутина АҚШ-та 15 шілдеде ұсталған. Ол АҚШ пен Ресей президенттері арасында бейресми кезедсулер ұйымдастырмақ болды деп айыпталып отыр.

Оқи отырыңыз: АҚШ айып таққан Мария Бутинаның ісі

АҚШ құқық қорғау органдарының мәліметінше, Бутина Кремль мүддесін қорғау үшін Республикалық партиядағы негізгі демеушілерге ықпал етпен болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG