Accessibility links

Ақтөбеде терроризм айыбы тағылған тұрғынның соты басталды


Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

14 желтоқсан күні Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты терроризм күдігіне ілінген тұрғын А. Тұрмановтың ісін қарай бастады.

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тұрманов Қылмыстық кодекстің 174-бабының 2-бөлімі ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру"), 256-бабының 2-бөлімі ("Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру") және 257-бабының 1-бөлімі ("Террорлық топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу") бойынша күдікті деп танылған. Судья Алтынбек Сабыров процесті жабық өткізу туралы шешім қабылдаған.

Ақтөбе облыстық соты бүгін басталған соттың 21 желтоқсанға қалдырылғанын хабарлайды.

  • 16x9 Image

    Жаңагүл ЖҮРСІН

    Жаңагүл Жүрсін - Азаттықтың Ақтөбе облысындағы тілшісі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе облыстық телевидениесінен бастап, әр жылдары осы өңірдегі түрлі БАҚ-та тілші, редактор, бас редактор қызметін атқарған. Азаттықпен 2011 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG