Accessibility links

Қостанайда көпқабатты үйдегі өрттен екі адам мерт болған


Қостанай қаласында желтоқсанның 14-і күні бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде шыққан өрттің салдарынан екі адам қаза болып, алты адам ауруханаға түскен. Өрт болған үйден 20 адамды (біреуі - бала) қауіпсіз жерге шығарған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап жергілікті басылымдар хабарлады.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт болған жерден бір адам өлі табылған. Тағы бір адам жедел жәрдем көлігі ауруханаға апара жатқан кезде жан тәсілім еткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрттен зардап шеккен алты адам аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер денесі қатты күйіп қалған екі адамның жағдайы аса ауыр екенін, қалған адамдарға түтіннен иіс тигенін айтады.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына темекі себеп болуы мүмкін деп хабарлайды жергілікті басылымдар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG