Accessibility links

Қазақстан тәуелсіздігіне 27 жыл толды

Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.

Қазақстан бүгін тәуелсіздік күні мейрамын атап өтеді. Астана, Алматы мен өзге де қалаларда мерекеге арналған шаралар өткізу жоспарланған. Жексенбі күні таңертең Алматының орталығындағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсіміне жергілікті билік басшылары, бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Орталық алаңның алдындағы Алматы қаласы әкімдігі ғимараты маңында полиция қызметкерлері жүр, автобустар, өрт сөндіру теxникасы қойылған деп хабарлайды Азаттық тілшілері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою

Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің інісі Талғат Рысқұлбеков Желтоқсан құрбандарына қойылған "Тәуелсіздік таңы" ескерткіші жанында жиналғандар алдында сөйлеп тұр. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
1/11 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің інісі Талғат Рысқұлбеков Желтоқсан құрбандарына қойылған "Тәуелсіздік таңы" ескерткіші жанында жиналғандар алдында сөйлеп тұр. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі кезінде алаң маңында полиция қызметкерлері мен арнайы көліктердің көптігі байқалды.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің інісі Талғат Рысқұлбеков Желтоқсан құрбандарына қойылған "Тәуелсіздік таңы" ескерткіші жанында жиналғандар алдында сөйлеп тұр. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
2/11 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің інісі Талғат Рысқұлбеков Желтоқсан құрбандарына қойылған "Тәуелсіздік таңы" ескерткіші жанында жиналғандар алдында сөйлеп тұр. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі кезінде алаң маңында полиция қызметкерлері мен арнайы көліктердің көптігі байқалды.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың құрметіне тұрғызылған "Тәуелсіздік таңы" ескерткіші жанында тәуелсіздік жолында күресте құрбан болғандарға құран бағыштап отырған адамдар. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
3/11 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың құрметіне тұрғызылған "Тәуелсіздік таңы" ескерткіші жанында тәуелсіздік жолында күресте құрбан болғандарға құран бағыштап отырған адамдар. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі кезінде алаң маңында полиция қызметкерлері мен арнайы көліктердің көптігі байқалды.
Тәуелсіздік ескерткіші қасындағы алаңда тұрған полиция көліктері. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
4/11 Тәуелсіздік ескерткіші қасындағы алаңда тұрған полиция көліктері. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі кезінде алаң маңында полиция қызметкерлері мен арнайы көліктердің көптігі байқалды.
Орталық алаңда тұрған полиция көліктері. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
5/11 Орталық алаңда тұрған полиция көліктері. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі кезінде алаң маңында полиция қызметкерлері мен арнайы көліктердің көптігі байқалды.
Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
6/11 Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі кезінде алаң маңында полиция қызметкерлері мен арнайы көліктердің көптігі байқалды.
Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қойып жатқан адамдар. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
7/11 Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қойып жатқан адамдар. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі кезінде алаң маңында полиция қызметкерлері мен арнайы көліктердің көптігі байқалды.
Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
8/11 Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі кезінде алаң маңында полиция қызметкерлері мен арнайы көліктердің көптігі байқалды.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек (ортада) бастаған шенеуніктер Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімінде тұр. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
9/11 Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек (ортада) бастаған шенеуніктер Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімінде тұр. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі кезінде алаң маңында полиция қызметкерлері мен арнайы көліктердің көптігі байқалды.
Алматы әкімдігінің сырт жағына қойылған полиция көлігі мен өрт сөндіретін техника. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
10/11 Алматы әкімдігінің сырт жағына қойылған полиция көлігі мен өрт сөндіретін техника. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл.
Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі кезінде алаң маңында полиция қызметкерлері мен арнайы көліктердің көптігі байқалды.
Желтоқсан көшесінің жоғарғы бөлігінде тұрған полиция көлігі мен өрт сөндіретін техника.
11/11 Желтоқсан көшесінің жоғарғы бөлігінде тұрған полиция көлігі мен өрт сөндіретін техника.
Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою рәсімі кезінде алаң маңында полиция қызметкерлері мен арнайы көліктердің көптігі байқалды.
Previous slide
Next slide

Осыдан 27 жыл бұрын 1991 жылы желтоқсанның 16-сы күні "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" конституциялық заңы қабылданған. Қазақстан тәуелсіздік декларациясын бұрынғы СССР құрамындағы елдердің ең соңында жариялаған.

Биылғы Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында Астанада өткен жиында сөйлеген ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда өткен 27 жыл ішіндегі жүргізген нарықтық реформаларды, елдің дамуы мен жетістіктерін атап өтті.

"Егемен Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – халқымыздың саны 18 миллионнан асып, тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетуі. Осы маңызды жеңістеріміз бен игі нәтижелеріміз біз таңдаған бағыттың дұрыс екенін растап отыр" деді Қазақстанды соңғы отыз жылға уақыт үздіксіз басқарып отырған президент Назарбаев.


Қазақстан қоғамында желтоқсанның 16-сы күні тағы екі оқиғаны еске алады. 1986 жылы дәл осы күні Мәскеудің Қазақ ССР-і компартиясы жетекшісі Дінмұхамед Қонаевты қызметтен босатып, орнына республикаға белгісіз Геннадий Колбинді тағайындау туралы қабылдаған шешімі студент және жұмысшы қазақ жастарының наразылық шеруіне ұласқан. Алматының орталық алаңында екі күнге жалғасқан шеруді билік күшпен басып-жаншыды. Желтоқсан оқиғасынан кейін жүздеген адам жоғары оқу орындарынан шығарылды, жұмысынан қуылды. 99 адам сотталған.

2011 жылы желтоқсанның 16-сында Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерге байланысты талаптар қойған мұнайшылардың бірнеше айға жалғасқан наразылық шеруіне полиция оқ жаудырған. Ресми дерек бойынша, Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларда 17 адам қаза тапқан.

Биыл Қазақстан халқы тәуелсіздік мейрамына байланысты желтоқсанның 19-ына дейін демалады.

XS
SM
MD
LG