Accessibility links

Мәскеуде Украинадағы соғысқа қарсылық білдіргендерді ұстаған


Ресейлік полиция қызметкері. (Көрнекі сурет.)
Ресейлік полиция қызметкері. (Көрнекі сурет.)

Мәскеуде полиция Украинадағы соғысқа және Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) Лубянкадағы орталық кеңсесі алдында күш құрылымдарының әпербақандығына қарсылық акциясына шыққан жеті белсендіні ұстағаны туралы "ОВД-Инфо" сайты хабарлады. Оларды полиция бөліміне алып кеткен. Наразылық акциясына қатысушылармен бірге жеке өзі "Бессрочный протест" акциясы аясында пикет өткізіп тұрған белсендіні де ұстап әкеткен. Барлығы тоғыз адам ұсталған деп хабарлайды ресейлік "Новая газета" басылымы.

ФСБ ғимараты жанындағы акция "Билік әрекетіне ашулы азаматтардың жиыны" ("Собрание граждан, возмущённых действиями власти") деп аталады. Оны ұйымдастырушылар Украинадағы әскери жанжалға қатысты ахуалды, құқыққорғаушы Лев Пономаревті тұтқындауды талқылауды жоспарлаған.

"Новая газета" басылымының хабарлауынша, шараға елуге жуық адам келген. Акция өткен жерде билікті қолдайтын SERB және НОД қозғалыстарының белсенділері де болған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG