Accessibility links

Полиция Страсбургтегі шабуылға күдіктінің туыстарын босатты


Қарулы шабуылға күдіктіге қарсы операция жүргізіп жатқан француз полициясының арнайы жасағы. Страсбург, 13 желтоқсан 2018 жыл.
Қарулы шабуылға күдіктіге қарсы операция жүргізіп жатқан француз полициясының арнайы жасағы. Страсбург, 13 желтоқсан 2018 жыл.

Страсбургте полиция желтоқсанның 11-і күні Рождество мерекесіне арналған жәрмеңкеде қарулы шабуыл жасаған деген күдікке іліккен Шериф Шевкаттың ата-анасы мен екі бауырын босатты. Күдіктінің тағы үш танысы әлі қамауда отыр.

Тергеушілердің дерегінше, Шериф Шекат радикалдық исламды жақтаушылармен байланыста болған.


Страсбургтегі шабуыл салдарынан төрт адам қаза тауып, 12 адам жараланған. Полиция оған күдікті - Страсбург тумасы 29 жастағы Шериф Шекатты желтоқсанның 13-і күні ұстамақ болғанда ол қарсылық көрсеткендіктен, оны атып өлтіргені туралы хабарлаған. Билік теракт деп бағалаған шабуылдан кейін Шекаттың ата-анасы мен туыстары ұсталған.

29 жастағы Шериф Шекат бұған дейін Франция, Германия және Швейцариядағы қылмыстық оқиғаларға байланысты 27 рет ұсталған. "Ислам мемлекеті" террорлық тобы Страсбургтегі шабуылға жауапкершілікті алатынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG