Accessibility links

Арменияда парламент сайлауының түпкілікті қорытындысы шықты


Армения Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс парламент сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды. 16 желтоқсан 2018 жыл..
Армения Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс парламент сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды. 16 желтоқсан 2018 жыл..

Жексенбі күні Армения Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) елде желтоқсанның 9-ы күні өткен кезектен тыс парламент сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды деп хабарлайды Азаттықтың Армян қызметі (Азатутюн).

ОСК төрағасы Тигран Мукучянның мәлімдеуінше, сайлауға 1 миллион 261 мың 105 адам немесе дауыс беру құқығына ие азаматтардың 48,63 пайызы қатысқан.

Армения Республикалық партиясына 59 мың 83 адам (4,70 пайыз) қолдау білдірген. "Азаматтар шешімі" социал-демократиялық партиясына 8 514 адам (0,68 пайыз) дауыс берген.

"Дашнакцутюн" партиясын 48 мың 816 адам (3,88 пайыз); "Менің қадамым" партиясын 884 мың 864 адам (70,42 пайыз); "Лусавор Айастан" партиясын 80 мың 47 адам (6,37 пайыз); "Христиан-демократиялық жаңғыру" партиясын 6458 адам (0,51 пайыз); "Ұлттық прогресс" партиясын 4121 адам (0,33 пайыз); "Біз" блогын 25 мың 176 адам (2 пайыз); "Оринац еркир" партиясын 12 мың 393 адам (0,99 пайыз); "Сасна црер" партиясын 22 мың 868 адам (1,82 пайыз); "Гүлденген Армения" партиясын 103 мың 801 адам (8,26 пайыз) қолдап дауыс берген.


ОСК дауыс беру қорытындысы туралы хаттаманы толтырып, қол қойған. "Хаттамаға комиссия мүшелерінің барлығы қол қойды... Комиссия мүшелерінің ешбірінде өзгеше пікір болған жоқ" деді Тигран Мукучян.

Осылайша, Армения премьер-министрі Никол Пашинян басқаратын "Менің қадамым" партиясы парламенттен 88 орын, "Гүлденген Армения" партиясы – 26 орын, ал "Лусавор Айастан" партиясы - 18 орын иеленеді деп хабарлайды Азатутюн.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG