Accessibility links

АҚШ Германияны "Солтүстік ағыс-2" жобасынан бас тартуға шақырды


"Солтүстік ағыс - 2" жобасының құрылысы
"Солтүстік ағыс - 2" жобасының құрылысы

АҚШ мемлекеттік департаменті Германияны “Солтүстік ағыс – 2” құбыр жобасынан бас тартуға шақырды. Ведомство “Украинаны айналып өтетін құбыр желісін салу Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді” деген Еуропарламент резолюциясын қолдаған. Бұдан бөлек, мемлекеттік департамент Еуроодақтың Ресейге қатысты санкция мерзімін ұзарту қадамын қолдайтынын да білдірген. Ал Мәскеу АҚШ мәлімдемесін тәуелсіз елдердің ісіне араласу деп атады.

"Солтүстік ағыс-2" құбыры Ресейде өндірілген табиғи газды Украина мен Польша жерінен айналып өтіп, Балтық теңізінің табаны арқылы Батыс Еуропаға жеткізуді көздейді.

Құрылыс 2019 жылы аяқталса, Еуропаға жылына 55 миллиард текше метр газ барады деп жоспарланған. Құбырды ресейлік "Газпромға" қарасты компания салып жатыр. Жоба құны 9,5 миллиард еуроны құрайды.

Оқи отырыңыз: Еуропарламент "Солтүстік ағыс-2" жобасын тоқтатуға шақырды

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG