Accessibility links

Трамп пен Ердоған Гүленді экстрадициялау мәселесін "талқылаған"


Фетхулла Гүлен.
Фетхулла Гүлен.

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Анкара 2016 жылы "мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды" деп айыптаған Фетхулла Гүлен мен оның бірнеше жақтасын экстрадициялау мәселесін бастайтынын айтқан. "Екі президент бұл туралы Аргентинада өткен "Үлкен жиырмалық" елдері басшыларының саммитінде сөйлескен" Бұл туралы Reuters агенттігіне берген сұхбатында Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу айтқан.

Бұған дейін Трамп журналист Жамал Хашоггидің өліміне байланысты Анкараның Сауд Арабиясына жасап отырған қысымын жеңілдету үшін Гүленді пайдаланбайтынын мәлімдеген еді.

АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшесі Билл Паскреллдің пікірінше, Трамптың Ердоғанға мұндай уәде беруі оның "диктаторларды ұнататынын" аңғартады.

"АҚШ-та тұрақты тіркеуі бар Гүлен Сауд Арабиясы монархиясының кісі өліміне қатысы бар екенін бүркемелейтін Трамптың әрекетіне қолбала бола алмайды" деген конрессмен.

Түркия билігі АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхулла Гүленді 2016 жылы жазда болған әскери бүлікке қатысы бар деп айыптайды. Гүлен бүлікке қатысын жоққа шығарады. 2016 жылы шілдеде әскерилер қатысқан бүліктен, ресми мәлімет бойынша, 250 адам қаза тапқан.

Түркия билігі бүліктен кейін Фетхулла Гүленді қолдады деген күдікпен 50 мыңға тарта адамды, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, журналистер мен оқытушыларды ұстаған. Тағы ондаған мың адам қызметінен босатылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG