Accessibility links

Украинада жабайы аңдарды циркте қолдануға тыйым салуды ұсынды


Украина парламентінің мүшелері
Украина парламентінің мүшелері

Украинаның экология министрі Остап Семерак Facebook желісінде циркте жабайы аңдарды қолдануға тыйым салатын заң жобасын министрлер кабинетіне қарауға жібергенін хабарлады. Жоба авторлары заң бұзғандарды әкімшілік жазаға тартып, айыппұл салуды ұсынады. Соңғы уақытта Жоғары Радада жабайы аңдарды қорғауға қатысты бірқатар заң жобасы тіркелген, бірақ ешқайсысы қабылданған жоқ.

2017 жылы Украинада жабайы аңдарды циркте қолдануға тыйым салатын заң жобасы қарастырылған. Бірақ ол кезде цирк иелері мен жабайы аң үйретушілер қарсылық танытып, барлық жерде аңдарға қатыгездік көрсетпейді деген.

Жабайы аңдарды циркте қолдануға ресми түрде Австрия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Боливия, Грекия, Данияда тыйым салынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG