Accessibility links

Корбин Мэйге сенім білдіру бойынша дауыс беруді ұсынды


Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй. 12 желтоқсан 2018 жыл

Ұлыбритания парламентінің қауымдар палатасында премьер-министр Тереза Мэйге сенім білдіру бойынша дауыс беру мәселесі көтерілді. Бұл ұсынысты Лейбористік партияның жетекшісі Джереми Корбин жасады. Оның пікірінше, Брекзит келісімін талқылау процесін осылайша "жеделдетуге" болады.

Корбиннің пікірінше, Тереза Мэй Еуроодақтан шығу шарттары жазылған келісімді талқылауға рұқсат бермегендіктен және оны кейінге ысырғандықтан депутаттар премьерге сенбейді. Келісімді талқылау 11 желтоқсанда өтуі тиіс болған. Бірақ премьер-министр оны талқылауды қаңтар айының соңына жылжытқан.

Өткен аптада консерваторлар арасында да премьер-министрге сенім білдіру бойынша дауыс беру өтіп, оған 117 адам қарсы дауыс беріп, 200 адам қолдаған.

Қарай отырыңыз: Тереза Мэй отставкаға кетпейді (13.12.2018)

2016 жылы ел премьер-министрі болған Тереза Мэй елді Еуроодақтан шығару бойынша келісімге қатысты жиі сыналады. Келісімді сынаушылардың айтуынша, сауда, көші-қон, шекара мәселелері бойынша құжаттағы шарттар Ұлыбританияның мүддесіне қайшы келеді. Ұлыбритания 2019 жылы 29 наурызда Еуроодақтан шығады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG