Accessibility links

Өзбекстан Ресейден ақша аудару бойынша алда келеді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Өзбекстан ТМД аумағында Ресейден ақша аудару бойынша алда келеді. Ресейдің Орталық банк дерегі бойынша, 2018 жылдың қаңтар мен қыркүйек айы аралығында Ресейден өзге елге 9,8 миллиард доллар жіберілген.

Шамамен үш миллиардтан астамы Өзбекстанға аударылған. Тәжікстанға - 1,9 миллиард доллар, Қырғызстанға - 1,7 миллиард доллар, Қазақстанға - 500 миллион доллар жіберілген.

Бұған дейін Өзбекстанның Орталық банкі 2018 жылы қаңтар мен маусым айы аралығында шетелден елге 2,3 миллиард доллар жіберілгенін айтқан. Оның көбі - Ресейден, қалғаны Түркия, Қазақстан, АҚШ, Оңтүстік Кореядан аударылған.

Оқи отырыңыз: Тәжікстан: ел экономикасы еңбек мигранттарының қаржысына тәуелді

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG