Accessibility links

Ақ үй өкілі Гүленді экстрадициялау туралы ақпаратты терістеді


Фетхулла Гүлен.
Фетхулла Гүлен.

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездескенде оған АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхулла Гүленді экстрадициялауға уәде бермеген.

Бұл туралы Ақ үйдің жоғары лауазымды тұлғасына сілтеме жасаған "Америка даусы" және Reuters агенттігі хабарлады.

"Ердоғанмен G20 саммитіндегі кездескенде президент Фетхулла Гүленді берем деп міндеттеме алған жоқ" деген Ақ үй өкілі.

Бұған дейін Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу "Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Фетхулла Гүлен мен оның бірнеше жақтасын экстрадициялау мәселесін бастайтынын айтты" деген.

Түркия билігі АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхулла Гүленді 2016 жылы жазда болған әскери бүлікке қатысы бар деп айыптайды. Гүлен бүлікке қатысын жоққа шығарады. 2016 жылы шілдеде әскерилер қатысқан бүліктен, ресми мәлімет бойынша, 250 адам қаза тапқан.

Түркия билігі бүліктен кейін Фетхулла Гүленді қолдады деген күдікпен 50 мыңға тарта адамды, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, журналистер мен оқытушыларды ұстаған. Тағы ондаған мың адам қызметінен босатылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG