Accessibility links

Ресей жасөспірімдерді митингіге шақырушыларды жазаламақ


Алексей Навальный ұйымдастырған митингіге қатысушы жасөспірімді полиция ұстаған сәт. Мәскеу.
Алексей Навальный ұйымдастырған митингіге қатысушы жасөспірімді полиция ұстаған сәт. Мәскеу.

Ресейдің мемлекеттік думасы кәмелет жасына толмаған балаларды рұқсат етілмеген наразылық шараларына тартқандарды жазалау туралы заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады. Отырыс парламенттің төменгі палатасы сайтында тікелей эфирде көрсетілді. Заң бойынша кәмелет жасына жетпеген балаларды қарсылық шараларына шақырғандар 50 мың рубль айыппұл төлейді немесе 15 күнге қамалады.

Заң жобасы думаға оппозиционер Алексей Навальныйдың жемқорлыққа қарсы митингілерінен соң келіп түскен. Бақылаушылар сол кездегі наразылық шараларына жасөспірімдердің көп қатысқанын айтқан.

Заң жобасының авторлары бұл түзетулер кәмелет жасына жетпеген жастардың қауіпсіздігін, денсаулығын қорғайды, өсіп-жетілуіне жол ашады және балаларды өз мақсаттарына пайдалануға тырысатын "саясаттағы популистерге" тосқауыл болады.

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Ішкі істер министрлігіне кәмелет жасына жетпегендерді рұқсат етілмеген митингілерге қатысуға шақыратын топтардың "жолын кесуге" тапсырма берген.

"Медуза" порталының хабарлауынша, Мемлекеттік дума отырысына қатысқан КПРФ фракциясының депутаты Алексей Куринный "заң ішінара қолданылады" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG