Accessibility links

Трамп қайырымдылық қоры жабылады


АҚШ президенті Дональд Трамп. 22 қараша 2018 жыл
АҚШ президенті Дональд Трамп. 22 қараша 2018 жыл

Нью-Йорктің бас прокуроры Барбара Андервуд Трамп қайырымдылық қоры заңсыз қаржылық операциялар жасағаны үшін жабылуы тиіс деп мәлімдеді. Прокурор қордағы қалған ақша коммерциялық емес ұйымдарға таратылатынын айтты.

Барбара Андервуд Дональд Трамп пен оның үлкен үш баласын қор ақшасын жеке және саяси мақсатта қолданды деп айыптады. Ал Трамп қорының заңгері прокурорды істі саясиландыруға тырысып отыр дейді.

Бұл - АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның отбасына қатысты АҚШ-та зерттеліп жатқан істердің бірі. Қазіргі кезде одан басқа 2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына Ресейдің араласу мүмкіндігі туралы зерттеу жүріп жатыр. Зерттеу тобын арнайы прокурор, федералды тергеу бюросының бұрынғы жетекшісі Роберт Мюллер басқарады.

Бұған дейін Нью-Йорк штатының жоғары соты қорғау тарабының Трамп қайырымдылық қорына қатысты зерттеуді тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырмаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG