Accessibility links

Ресей "алауыздық тудыру" бабын жұмсартады


Ресейдің қылмыстық кодексіндегі 282-бапты алып тастауды талап еткен акция. Новосибирск, 15 наурыз 2018
Ресейдің қылмыстық кодексіндегі 282-бапты алып тастауды талап еткен акция. Новосибирск, 15 наурыз 2018

Ресейдің мемлекеттік думасы қылмыстық кодекстегі 282-ші бап - "алауыздық тудыру" бабын жартылай декриминализация жасауға мүмкіндік беретін заңға түзетулерді үшінші оқылымда мақұлдады деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Жаңа түзетулерге сәйкес, интернетте "араздық тудырды" деп бірінші рет айыпталғандар әкімшілік жазаға тартылады. Егер ол азамат бұл әрекетін бір жылдың ішінде қайталаса ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Елдегі бірқатар құқық қорғаушылар мен белсенділер интернетте “алауыздық тудырған” жазба авторларын аса қатты жазаламауды сұрап келеді. Оған қатысты Ресей қалаларында наразылық шаралары да болған.

БҰҰ адам құқығы кеңесінде қылмыстық кодекстегі 282-ші бап бойынша қылмыстық жазаны алып тастап, тек күш қолданған жағдайда ғана қатаң жаза қолдануға кеңес берген.

Оқи отырыңыз: "Путинді сынаған" Ақтөбе тұрғыны түрмеден босады

2017 жылы Ресейде әлеуметтік желідегі репостар мен лайктары үшін 461 адам жазаға тартылған. 7 маусымда тікелей эфир кезінде Ресей президенті Владимир Путин бұған қатысты мәселені “сорақылыққа жеткізбеу” керектігін айтқан.

Қылмыстық бап жұмсарса, бұған дейін қабылданған сот үкімдері қайта қаралады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG