Accessibility links

Полицейлер киетін жаңа форманың үлгісі жарияланды


ІІМ ұсынған үлгі. (Сурет Қазақстан ішкі істер министрлігінен алынды).
ІІМ ұсынған үлгі. (Сурет Қазақстан ішкі істер министрлігінен алынды).

Қазақстан ішкі істер министрлігі қазақстандық полицейлердің жаңа формасының жобасын жариялады.

ІІМ мәліметінше, полицейлердің формасы соңғы рет 2005 жылы өзгерген. Министрлік "бұрынғы форма заманауи талаптарға сай келмейді. Қазіргі жаңа үлгі қолайлы әрі тартымды" деп санайды.

Ішкі істер министрлігі жаңа форма үлгісін халықтың талқылауына ұсынып, азаматтардан белсенділік танытуды сұрады.

Министрлік ұсынған үлгі. (Сурет Қазақстан ішкі істер министрлігінен алынды).
Министрлік ұсынған үлгі. (Сурет Қазақстан ішкі істер министрлігінен алынды).

Қазанда Қазақстан ішкі істер министрлі Қалмұханбет Қасымов полицейлер киетін форманы жаңаратынын айтқан. Ол қазіргі форма тым ресми, жұмыста тым ыңғайсыз екенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG