Accessibility links

Путиннің жыл сайынғы баспасөз жиыны 20 желтоқсанда өтеді


Владимир Путин
Владимир Путин

Ресей президенті Владимир Путиннің жыл сайын өткізетін баспасөз жиыны 20 желтоқсанға жоспарланған. Кремль оған 1702 журналистің тіркелгенін хабарлады. Оның айтуынша, бұл бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш.

Жыл соңында теледидар арқылы көрсетілетін жиын өткізуді Путин дәстүрге айналдырған. Батыс ақпарат құралдарының жазуынша, онда Путин әдеттегідей халық арасында беделін көтеріп, елді ұтымды басқарып отырғанын дәлелдеуге тырысады.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Путиннің Украинадан "жер алуға құлқы жоғын" айтқан

Соңғы уақытта Ресейде жүргізілген сауалнама Путиннің танымалдығының төмендегенін көрсеткен. Ел экономикасы тұралап, зейнетақы жасын ұзарту сайлаушылардың наразылығын туындатқан. Қыркүйек айында өткен аймақтық сайлауда Кремль кандидаттары жеңіліске ұшыраған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG