Accessibility links

Министр: Игерілмеген қаржы көлемі азайып келеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қаржы министрі Әлихан Смайылов игерілмеген бюджет қаржысы азайып келе жатқанын, министрліктер жыл соңына қарай игерілмеген қаржыны бюджетке қатысты заңға сай ғана жұмсайтынын мәлімдеді. Астанада журналистер сұрағына жауап берген министрдің сөзінше, қазірге дейін игерілмеген қаржы көлемі азайып, 80 миллиард теңгеге түскен. Жыл соңына дейін қаржы толық игеріледі.

Министр Азаттық тілшісінің "Қаржы қызметкерлерге сыйақы беру, форумдар өткізу арқылы игеріліп кетпей ме?" деген сауалына "Қаржы тек бюджеттік заңнамаға сай игеріледі. Тек заңға сәйкес. Заңсыз әрекеттер болмайды. Болған жағдайда олар заңнамаға сай жазаланады" деп жауап берді.

Желтоқсанның басында республикалық бюджеттің 107 миллиард теңгесі әлі игерілмегені белгілі болған еді. Министр Әлихан Смайылов бюджет қаржысының игерілмеуіне мемлекеттік сатып алу жұмыстарының кеш жүргізілуі, орындалған жұмыс актілеріне уақытында қол қойылмауы себеп екенін айтқан. Ол кезде министрліктер басшылары жыл соңына дейін бұл қаржыны игеруге уәде берген.

Видео: Үкімет 107 миллиард теңгені қалай игереді?

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG