Accessibility links

Солтүстік Қазақстан облысында қатты аяздан сабақ тоқтатылды


Петропавл көшесінде кетіп бара жатқан тұрғындар. 24 желтоқсан 2018 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысының барлық ауданында және Петропавл қаласында 24 желтоқсан күні қатты аязға байланысты мектептерде 1-11 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

- Ауа температурасы -25 градус және желдің жылдамдығы секундына екі метрге жеткен жағдайда 1-4 сыныптарға, температура -27 градус болса 1-9 сынып оқушыларына, ал -30 градустан асса және желдің жылдамдығы секундына екі метрге жетсе барлық сыныпқа сабақ тоқтатылады. Бүгін ауа-райының қолайсыз болуына байланысты барлық сыныптарға сабақ тоқтатылды, - деді Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Сұрағанова.

"Қазгидромет" мекемесінің мәліметінше, бүгін Петропавлда ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендеген. Түнге қарай Петропавлда -39 градусқа дейін, ал облыс аумағында -40 градусқа дейін аяз тұрады деп болжанып отыр.

Ресми дерек бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында 498 мектепте 71 мыңға жуық оқушы білім алады. Ал Петропавл қаласындағы 36 мектепте 23 мың бала оқиды.


  • 16x9 Image

    Нұргүл АЛИНА

    Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және  әлеуметтік білімдер магистрі. 

    Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.

     

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG