Accessibility links

Ресейліктер Қырымда көпір ашылуын басты оқиға деп атады


Қырым түбегінде салынған көпір.
Қырым түбегінде салынған көпір.

Ресейліктер "Левада-центр" ұйымы жүргізген сауалнамада биылғы жылдың басты оқиғалары деп Қырымда көпір салынуын, зейнетке шығу жасының ұлғайтылуын және президент сайлауын атады.

Сауалнамаға қатысқандардың 47 пайызы басты оқиға деп Қырым көпірінің ашылуын, одан кейінгі елеулі оқиға деп зейнетақы реформасын (46 пайыз), сосын президент сайлауын (37 пайыз) атаған. Одан кейінгі айтулы оқиғалар тізімінде азаматтар футболдан әлем біріншілігін, Кемерово қаласында "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өртті атаған. Сауалнамаға қатысқандар Керчь бұғазындағы Украинамен болған жанжалды және Сириядағы әскери операцияны елеусіздеу оқиғалар деп санайды (30 пайыздан аз).

Сұралған азаматтардың жеті пайызы ғана Ұлыбританияның Солсбери қаласында бұрынғы агент Сергей Скрипальді, алты пайызы Ресейде Telegram мессенджерінің бұғатталғанын айтулы оқиға деп санайды.

Әлеуметтанушылардың зерттеуі бойынша, ресейліктердің жартысына жуығына 2018 жыл бұрынғы жылдардан ауыр тиген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG