Accessibility links

Астанада қатты аяздан мектептерде сабақ тоқтады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астанада 25 желтоқсан күні қатты аяздан мектептерде барлық сынып оқушыларына және колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылды. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы хабарлады.

24 желтоқсанда "Қазгидромет" мекемесі Қазақстанның солтүстік облыстарында және Астанада 25-27 желтоқсан күндері 35-39 градусқа дейін аяз тұратынын ескерткен. "Қазгидрометтің" хабарлауынша, Таймыр түбегінен Сібірге жеткен антициклоннан Қазақстанның бірнеше облысында аяз күшейеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG