Accessibility links

Кабулда содырлар шабуылынан ондаған адам қаза тапты


Кабулдағы шабуыл болған жерде тұрған қауіпсіздік күштерінің сарбазы. Ауғанстан, 24 желтоқсан 2018 жыд.
Кабулдағы шабуыл болған жерде тұрған қауіпсіздік күштерінің сарбазы. Ауғанстан, 24 желтоқсан 2018 жыд.

Кабулдың шығысында үкімет үйіне содырлардың шабуылынан 29 адам қаза тауып, кемінде 23 адам жараланды. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Насрат Рахимидің айтуынша, шабуылдаушылармен сегіз сағатқа созылған атыстан соң ғимаратта болған 350-ге тарта адам босатылды. Ол 24 желтоқсан күні жасалған шабуылда төрт содыр өздері айдап әкелген көлікті жарып мерт болғанын, тағы үш содырды қауіпсіздік күштері атып тастағанын айтты.

Басып алынған ғимаратта еңбек министрлігі мен бірнеше мемлекеттік мекеме орналасқан. Ішкі істер министрлігінің өкілі шабуыл жасағандар қолында әлі тұтқындар бар екенін мәлімдеді.

Үкіметке қарсы топтардың ешқайсысы әзірге шабуылға қатысы барын мәлімдемеді.

Кабул полициясының өкілі Басир Муджахид құрбандар арасында бір полиция қызметкері барын, жараланғандардың 20 шақтысы полицейлер екенін мәлімдеді.

Кабулда биыл осымен жиырма екінші шабуыл жасалып отыр. Шабуылдардан барлығы 500 адам қаза тауып, мыңнан астам адам жараланған. 20 желтоқсанда АҚШ билігінің өкілі президент Дональд Трамптың Ауғанстаннан келешекте осы елде орналасқан әскердің жартысы - жеті мың сарбазды шығару ниеті барын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG