Accessibility links

АҚШ соты: Пхеньян қайтыс болған студент отбасына өтемақы төлесін


Отто Уормбирдің Солтүстік Кореяда ұсталған сәті. Пхеньян, 16 наурыз 2016 жыл.
Отто Уормбирдің Солтүстік Кореяда ұсталған сәті. Пхеньян, 16 наурыз 2016 жыл.

АҚШ соты Солтүстік Корея осы елде түрмеде отырып шыққан соң ұзамай қайтыс болған америкалық студент Отто Уормбирдің отбасына 501 миллион доллар төлеуі тиіс деген қаулы шығарды. Сот шешімінде Отто Уормбирді азаптап, кепілге алуға және сотсыз өлтіруге Пхеньян кінәлі екені айтылады.

Уормбирдің отбасы 2018 жылдың сәуірінде Солтүстік Корея 22 жастағы студентті заңсыз қамауда ұстап, өліміне себепкер болды деп айыптап, Колумбия округтік сотына шағымданған. Уормбирдің ата-анасының мәлімдемесінде ұлдарының Солтүстік Корея күш құрылымдарының қатыгездік танытуынан қайтыс болғаны айтылады.

2016 жылы Солтүстік Корея билігі Отто Уормбирді Пхеньянда үгіт-насихат плакатын ұрлағаны үшін 15 жылға түрмеге жапқан. Уормбир ұсталғаннан кейін бір жылдан астам уақыт оның тағдыры беймәлім болып келген. Былтыр маусымда Солтүстік Корея билігі 15 ай қамауда отырып, комаға түскен студентті АҚШ-қа қайтарған. Уормбир еліне жеткізілгеннен бір аптадан кейін есін жимастан қайтыс болған.

Америкалық дәрігерлер Солтүстік Корея билігінің Уормбир ботулизммен ауырды деген ұйғарымын жоққа шығарған.

АҚШ президенті Дональд Трамп студенттің өліміне Пхеньянді айыптаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG