Дзюдодан 2018 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, қазақ күресінен 2017 жылғы "Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиев допинг ережесін бұзды деп айыпталды. Бұл ақпаратты Азаттыққа Қазақстан дзюдо федерациясы растады.
Қазақстан ұлттық антидопинг орталығы балуанның 2018 жылы қарашада Астанада өткен дзюдодан Қазақстан чемпионаты кезінде спортшының сынамасынан рұқсат етілмеген препарат табылғанын хабарлаған. Қазір бұл іске қатысты тексеріс жүріп жатыр. Астанадағы жарыста Ерғалиев 100 келіде күміс алған. Спортшының допинг қолданғаны расталса, жүлдесінен айырылып, бірнеше жыл жарыстардан шеттетілуі мүмкін.
Қазақстан ұлттық антидопинг орталығы жыл басынан бері 30-дан астам спортшының допингпен ұсталғанын хабарлаған.
ПІКІРЛЕР